Қазір дербес компьютерлердің ең жетілген түрі туралы жиі айтылып жүр. Мұндай қуатты компьютерлер Қазақстанда бар ма?
Мақсат, Алматы қаласы
Қазір әлем бойынша суперкомпьютерлердің ең мықты делінген 500 түрі бар. Өндіруші елдер оны қолданысқа енгізіп те үлгерді. Техникалық параметрлері мен есептеу қуаты жағынан кез келген өндіріске серпін бере алатын компьютерлер Қазақстанда да бар. Былтыр наурыз айында мұндай машиналардың алғашқысы Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінде іске қосылды. IBM BladeCenter платформасындағы суперкомпьютер жерасты қоймаларын модельдеу технологияларына қолданылады. Жақын арада елімізде қуатты компьютерлердің қатары көбейе түспек. Өйткені 2009 жылдан бері осындай компьютерлерді Қазақстанға жеткізу жөнінде ресейлік және америкалық компаниялармен келісімшарт жасалған. Осы құжаттың негізінде Intel мен Ресейдің «Т-Платформы» компаниялары шығарған жоғары мүмкіндікті есептеу техникалары елімізге келе бастамақ. Бұған қоса, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанынан Суперкомпьютерлік технологиялар орталығы салынбақшы. Әзірше бұл нысан құрылысының мерзімі нақтылана қойған жоқ.
Елімізде суперкомпьютерлер бар ма?
Последние статьи автора