Қазақстандағы көлдердің саны қанша? Еліміздің ең ірі көлдері қандай?
Айболат Егембердиев, Алматы қаласы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мамандарының мәліметінше, елімізде көлдердің саны 48 мыңнан асады. Ел аумағындағы ең ірі көл – Арал теңізі. Аумағы жағынан бұдан кейінгі орындарда Балқаш, Зайсан, Алакөл мен Теңіз көлдері тұр. Қазақстанда көлдермен қатар, табиғи әрі жасанды көлшіктер, суқоймалар мен тоғандар бар. 12 ірі суқойманың жалпы ауданы 8816 шаршы шақырымды құрайды. Ең ірісі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма суқоймасы. Қазақстан аумағындағы өзендердің саны 8500-ге жуық.
Елімізде қанша көл бар?
Последние статьи автора