Елімізде 820 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Елімізде 820 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тіліне қолдау көрсетіліп келе жатқаны белгілі. Өзге ұлт өкілдерінің қанша этномәдени бірлестігі жұмыс істейді?
Дулат МЕЙІРЖАНҰЛЫ,
Шымкент
Кеше ғана ҚР Парламенті Мәжілісінің төраға­сы Орал Мұхамеджанов Қазақстан халқы Ассам­блея­сының (ҚХА) мүшелерімен кездесуінде сөй­ле­ген сөзінде бірқатар фактілерді келтірді. Мәсе­лен, еліміздегі 108 мектепте 22 этностың тілі же­ке пән ретінде оқытылады. 88 мектепте өзбек, тә­жік, ұйғыр және украин тілдерінде сабақ жүр­гі­зіледі. Республикада 30 этностың тілін үйрететін 190 лингвистикалық орталық жұмыс істейді. Орыс тілінде 900 баспасөз құралы тарап отыр. 15 этностың тілінде 35 баспа басылымдары шы­ға­ды. Еліміздің телеарналарында 11 тілде хабар та­ратылады. 14 орыс және өзбек театры, сондай-ақ кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі бірден-бір ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс іс­тей­ді. Тек 2010 жылдың өзінде ғана ұлттық театр­ларды қаржыландыру көлемі 374 миллион тең­ге болды, бұл көрсеткіш 9 жыл ішінде 4,5 есе­ге артты. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірле­рін­де 820 этномәдени бірлестік ойдағыдай жұ­мыс істеуде. Олар үшін Астанада Бейбітшілік жә­не келісім сарайы, 10 облыстың орталығында Дос­тық үйлері салынды. Сондай-ақ Парламентте этнос­тардың 13 өкілі, ал мәслихаттарда 32 өкілі жұмыс істейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста