Еліміз НАТО-ның бағдарламасына қашан қосылды?

Еліміз НАТО-ның бағдарламасына қашан қосылды?

Қазақстанның НАТО-ның «Бейбiтшiлiк үшiн әрiптеcтiк» бағдарламасына қашан қосылды?
Еркін,
Алматы облысы
«Бейбiтшiлiк үшiн әрiптеcтiк» бағдарламасы – [Partnership for Peace] – Кеңес Одағының ыды­рауынан және Варшава келісімі ұйымы өз жұмы­сын тоқтатқаннан кейін әлемдік саясатта НАТО-ның рөлі өзгерді. АҚШ өзінің Еуропадағы әскери қатысуын жартысына дейін қысқартты. Бірқатар Шығыс Еуропа елдері НАТО-ға кіруге құлшыныс танытты. Оған жауап ретінде 1994 ж. НАТО «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарлама­сын қабылдады, оның шеңберінде ұйым Еуропа мен Азиядағы 27 елмен әріп­тестік қарым-қаты­нас орнатып, әскери жаттығулар жүргі­зуде. «Бей­бітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының шар­тына сәй­кес, егер әріптес-елдерге шабуыл жасалып, қауіп төне қал­ған жағдайда әскери әрекеттерге НАТО-ның қатысуы міндетті емес. 1994 ж. 27 мамырда Қазақстан 19-мемлекет болып осы бағдар­ламаға қосылуға ниет білді­ріп, қол қойды. Бағдарлама аясында Қазақстан НАТО-мен әскери-техникалық саладағы әріп­тес­тіктерді жетілдіріп, қорғаныс құрылымын­дағы, демо­кратия жағдайындағы қарулы күш­тердің қызметін жетілдіруді, әскери стратегияны дамытуды және әсіресе НАТО-ның кол­ледж­де­рін­де әскери білім алу мен әскери мамандардың білік­тілігін арттыруды көздейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста