Еліміз Интерполға қашан мүше болды?

Еліміз Интерполға қашан мүше болды?

Қазақстан Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына қа­шан мүше болды? Интерполдың елімізде қандай да бір мекемесі бар ма?
Нұрбек,
Алматы облысы
Интерполдың тарихы 1923 жылдың 7 қыркүйегінен басталады. Халық­ара­лық полиция конгресінде 20 елдің 138 өкі­лі Халықаралық қылмыстық по­ли­ция­ның комиссиясын құрды және оның жар­ғысын қабылдады. 1956 жылы Ха­лық­аралық қылмыстық полиция ко­мис­сиясы «Интерпол – халықаралық қыл­мыс­тық полиция ұйымы» болып өз­­гертілді. Қазіргі уақытта ұйымға әлем­нің 186 мемлекеті кіреді. Қазақстан Рес­публикасы 1992 жылдың 4 қа­ра­ша­сында Дакар қаласында (Сенегал) Ха­лық­аралық қылмыстық полиция ұйымы бас ассамблеясының 61-сессиясында Ин­терполға қабылданды. «Халық­ара­лық қылмыстық полиция ұйымына (Интерпол) Қазақстан Республикасының кі­руіне байланысты іс-шаралар туралы» Қа­зақстан Республикасы Министрлер Ка­бинетінің 1993 жылғы 20 шілдедегі №629 қаулысымен Қазақстан Рес­пу­бли­касы Ішкі істер министрлігінің ор­талық аппаратында Интерполдың Ұлт­тық орталық бюросы құрылды.
Осы күннен бастап Қазақстан Ин­терпол арқылы қылмыскерлерді және із-түзсіз жоғалған адамдарды халық­ара­лық іздестіру мүмкіндігін пай­далануда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Рес­пу­бли­ка­сындағы Интерпол ҰОБ заңнамаға сәй­кес, өз өкілеттіктері шеңберінде қа­зақ­стандық құқық қорғау органдарының Бі­ріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ын­ты­мақтастық ұйымы, Еуропол және басқа да­ халықаралық ұйымдармен және құ­қық қорғау институттарымен өзара іс-қи­мыл жасасуды жандандыру жөнінде ша­ралар қабылдауда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста