Электронды оқулықтың артықшылығы неде?

Кейінгі кезде білім беру саласында электронды оқулықпен жұмыс істеу үрдісі қалыптаса бастады. Оның кәдімгі оқулықтан қандай артықшылықтары бар?
Ғабиден РАБАТҰЛЫ,
Ақтөбе қаласы
Технологиялар дамыған сайын оқу үрдiсiнде дәстүрлi оқыту мен қоса дәстүрлi емес құралдармен оқыту да кең тарауда. Соның бiрi – электронды оқулық. Электронды оқулық дегенiмiз – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Оның дәс­түрлi оқудан артықшылықтары көп.
Электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында белгілі бір тақырыпты бiрнеше рет қайталап оқуға, тыңдауға, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп, анықтама бөлiмiнен қарап, түсiндiрмесiн бiлуiне, оның граммати­калық жасалу жолдарын анықтауға көп көмегiн тигiзедi.
Аталған оқулықтарда әр тақырып­тағы тапсырмалар жаттығулар түрінде берiлiп отырады. Ондағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда өз бетiнше алдыңғы тақырыптарды  қайталап, кейбiр сiлтемелер мен анық­тамаларға қайта жүгінуге мүмкiндiктер бар.
 Жалпы, электронды оқулықтар бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгер­туге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр студенттi оқытушы тарапы­нан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңі бақылауда болады. Сонымен қатар электронды оқулықтың көмегімен белгілі тақырыпқа байланысты оқушы өз ойларын микрофонның кө­мегi­мен компьютерге басып, өзiн-өзi тек­­серіп, дұрыс сөйлеуге бейімделе алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста