Электронды оқулықтың артықшылығы неде?
Кейінгі кезде білім беру саласында электронды оқулықпен жұмыс істеу үрдісі қалыптаса бастады. Оның кәдімгі оқулықтан қандай артықшылықтары бар?
Ғабиден РАБАТҰЛЫ, Ақтөбе қаласы
Технологиялар дамыған сайын оқу үрдiсiнде дәстүрлi оқыту мен қоса дәстүрлi емес құралдармен оқыту да кең тарауда. Соның бiрi – электронды оқулық. Электронды оқулық дегенiмiз – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Оның дәстүрлi оқудан артықшылықтары көп.
Электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында белгілі бір тақырыпты бiрнеше рет қайталап оқуға, тыңдауға, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп, анықтама бөлiмiнен қарап, түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын анықтауға көп көмегiн тигiзедi.
Аталған оқулықтарда әр тақырыптағы тапсырмалар жаттығулар түрінде берiлiп отырады. Ондағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда өз бетiнше алдыңғы тақырыптарды қайталап, кейбiр сiлтемелер мен анықтамаларға қайта жүгінуге мүмкiндiктер бар.
Жалпы, электронды оқулықтар бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр студенттi оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңі бақылауда болады. Сонымен қатар электронды оқулықтың көмегімен белгілі тақырыпқа байланысты оқушы өз ойларын микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өзiн-өзi тексеріп, дұрыс сөйлеуге бейімделе алады.