«Электронды кітап» дегеніміз не?

Соңғы кездері электронды кітап кең қолданысқа ене бастағаны туралы жиі айтылып жүр. Жалпы, оның жұмыс істеу принципі қалай?
Асқарбек КЕНЖЕЕВ,
Ақтөбе қаласы
Электронды кітап – ол бір кітапты ға­на емес, қажет десеңіз, сіздің үйі­ңіз­дегі бүкіл кітапхананы оңайлықпен ал­мас­­тыра алатын ыңғайлы және ық­шам­ды электронды құрылғы. Оны пай­­далану жай кітапты оқығаннан гөрі өте ың­ғай­лы. Өйткені сіз аталған электронды кі­тап­­тан өзіңіздің көзіңізге ыңғайлы мәтін және шрифтін көлемін, тіпті беттерінің түсін таңдай аласыз. Қал­таға салып жү­ру­­ге де болады. Электр­оника тілінде М-Воок деп аталатын бұл құралды – оқуға арналған кішкентай компьютер де­сек те болады. Оның экраны элект­р­он­­ды сия техно­ло­гиясын қолдану ар­қы­лы жасалған. Бұл – мәтінді сапалы әрі анық етіп көрсетуге және ұзақ уақыт пай­даланғанда көз жа­нарының тез шар­шамауына мүмк­ін­дік береді. Электр­онды кітаптың басқа құрыл­ғы­лар­дан басты артықшылығы – бұл қазіргі кең таралған мәтін фор­мат­тарын (FB2, TXT, PDF, HTML, DjVu, DOC, CHM, WOLF) қабылдап, оқи алады. Аталған құралға тек қана кітап­тардын мазмұнын ғана емес, қажетті материалдардың, құжаттардың, со­нымен қатар интер­нет­тен алынып, сақ­талған беттерді жүктеуге болады. Керек мәтінді көшіріп алып, оқуға болатын мұндай кітаптардың кейінгі нұс­қа­ларында МРЗ форматтағы аудио­файл­дарды да ойнату мүмкіндігі бар. Атал­ған кітаптағы ақпаратты сақ­тау үшін флеш-карта қолданылады. Мы­­салы, 1ГБ көлемді жады картасында 2000-ға жуық кітап сақтауға болады. Ал акку­мулятордың қуаты шамамен 5-8 мың парақ оқуға жетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста