Елебеков жайлы еңбектің авторы кім?

Жуырда қазақтың талантты әншісі Жүсіпбек Елебеков туралы кітап шықты деп естіп едім. Бұл еңбектің авторы кім?
Сәбит Дүсебайұлы,
Алматы облысы
Қазақстанның Халық әртісі Жүсіпбек Елебековтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптың авторы белгілі өнертанушы, дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай.
«Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған еңбек ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Әйгілі адамдар» сериясымен жарық көрген. Бұл кітапта Қазақстанның Халық әртісі, әнші Ж. Еле­бековтің өнегелі өмірі мен тағылымды өнер жолы турасында егжей-тегжейлі баян­далады. Ғұмырнамалық хикаятта ұлы әншінің өмір сүрген дәуірі тұтас қамтыла зерттелген және Ж.Елебековтің заман­дастары, қазақ өнері мен мәдениетінің қайраткерлері, атап айтқанда: Қалибек Қуанышбаев, Ахмет Жұбанов, Шәкен Айманов, Әбікен Хасенов, Құрманбек Жандарбеков, Рамазан Елебаев, Орынбек Беков, Тоқбай Жұмағұлов және т.б. өнер тарландары жайында да құнды деректер молынан берілген. Жаңа кітап алдағы күндері республикамыздағы кітап дүкендері мен кітапханаларға түседі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста