Елдің 30 пайызы православ дінін ұстанады
Кешелі бері Қазақстанға Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилл келіп қайтты. Осы орайда Қазақстандағы православие қауымы жайлы және қанша адам осы дінді ұстанатынын білгім келеді. Ақмарал СЕЙДАЛИЕВА, Алматы
Қазақстан Орыс православие шіркеуі Мәскеу патриархатының канондық территориясы болып табылады. 1991 жылы Қасиетті Синод және Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы ІІ Алексейдің шешімімен Қазақстан жерінде үш дербес епархия, атап айтқанда, Алматы және Семей, Шымкент және Ақмола, Орал және Гурьев епархиялары құрылған болатын. Қазіргі кезде алғаш аталған ең үлкен епархияның аты Астана және Алматы епархиясы болып өзгерді. Қасиетті Синодтың шешімімен 2003 жылы митрополиттік округ құрылды. Қазақстанда 9 монастырь, 230 приход жұмыс істейді. Соңғы жылдары үш ер және үш әйел монастырьлары ашылған. Орыс православие шіркеуінің «Свет православия в Казахстане» деген басылымы шығып тұрады. Республика бойынша саны жағынан ислам дінінен кейінгі орын алатын православ қауымы шамамен
5 миллиондай, яғни бұл бүкіл ел халқының 30 пайызын құрайды.