Елдегі БАҚ саны қанша?
Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының саны қанша? Қанша электронды БАҚ, қанша газет, қанша журнал бар?
Нұргүл Омарбекова, Алматы
2010 жылдың бірінші жартыжылдығындағы есеп бойынша, республикада 2697 БАҚ әрекет етеді. Қазақтілді БАҚ үлесі қолданыстағы БАҚ жалпы санының 19,1%-ын құрайды, орыстілді – 33,4%, бұқаралық ақпараттық құралдары қазақ және орыс тілдерінде 35% (таратылады) басылады, 12,5% – қазақ, орыс және басқа да тілдерде.
Барлық 2427 баспадан 1619 газет есептеледі, оның ішінде мемлекеттік – 328, және 1291-і – мемлекеттік емес. Қазақ тілінде басылатын – 437 газет, орыс және басқа тілдерде – 587, қазақша және орысша – 479, қазақ, орыс және басқа тілдерде – 116. Журналдардың жалпы саны – 808, 172 журнал – мемлекеттік, 636 – мемлекеттік емес. Шығарылатын журналдардың жалпы саны орыс тілінде – 304, қазақ және орыс тілдерінде – 237, қазақ, орыс және басқа тілдерде – 162, қазақ тілінде – 105. Қазақстанда 259 электрондық БАҚ әрекет етеді, оның ішіндегі – 52 (мемлекеттік – 11, мемлекеттік емес – 41, эфирге қазақ және орыс тілдерінде шығады), радиокомпаниялар – 49 (мемлекеттік – 5, мемлекеттік емес – 44, эфирге қазақ және орыс тілдерінде шығады), кабелді телевизия операторлары– 152, спутниктік хабар тарату операторлары – 6 (мемлекеттік – 1, мемлекеттік емес – 5). Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны – 11, оның 10-ы мемлекеттік емес, біреуі мемлекеттік.