Экран қаншаға шыдайды?

Кинескоптың ғасыры бітіп, тұрмыстық телевизия техникасының жаңа үлгідегі түрлері пайда болғанына да біраз уақыт болды. Солардың ішіндегі ең белгілісі сұйық кристалды және плазмалы технологиялар. Осы плазмалық және сұйық кристалды экраны бар теледидарлардың қайсысы мықты?
Бауыржан Сәкенұлы,
Алматы қаласы
Бәрімізге белгілі, тұрмыстық техника­ларды өндіруде Жапония, Оңтүстік Корея елдері алдыңғы орында. Ең бірін­ші болып плазмалық теледидарды шы­ғарған да солар. Алғашында плазмалы теледидарлар шыға бастаған кездерде олардың кемшіліктері көп еді. Сондықтан мамандар сұйықкристалды теледидарлар алуға кеңес беретін. Алайда қазіргі кезде тұрмыстық технологияларды шығарушы мамандар плазмалық техниканы жете зерттеп, оның сұйықкристалды теле­дидардан еш кем түспейтінін дәлелдеді. Ғылыми-зерттеулердің арқасында плаз­малық теледидарлар токты аз жұмсап, түстерді қанық көрсете алатындай дәрежеге жетті. Ең алғаш плазмалық теледидарлар бар-жоғы 2000-3000 сағат, яғни 2 жыл көрсетуге шыдайтын, қазір бұл мерзім 100 000 мың сағатқа, яғни 35 жылға ұзартылды. Сондай-ақ плазмалық теледидарлардың көрсету контрасты – 2000:1-ден 30 000:1-ге дейін жоға­ры­лаған. Ин­нова­ция­лық үл­гі­дегі теледи­дарлардың дыбыс шы­ғару дина­микасының жиілігі – 480 Гц. Сондай-­ақ плазмалық теледидарлар өте жең­іл, бұларды жасауда бұрынғыдай қор­ғасын, сынап секілді ауыр металдар қолданылмайды, әрі адам денсаулығына зиянсыз. Сондықтан жылдан-жылға плаз­малық теледидарлар қолданыста көбейіп келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста