Экран қаншаға шыдайды?
Кинескоптың ғасыры бітіп, тұрмыстық телевизия техникасының жаңа үлгідегі түрлері пайда болғанына да біраз уақыт болды. Солардың ішіндегі ең белгілісі сұйық кристалды және плазмалы технологиялар. Осы плазмалық және сұйық кристалды экраны бар теледидарлардың қайсысы мықты?
Бауыржан Сәкенұлы, Алматы қаласы
Бәрімізге белгілі, тұрмыстық техникаларды өндіруде Жапония, Оңтүстік Корея елдері алдыңғы орында. Ең бірінші болып плазмалық теледидарды шығарған да солар. Алғашында плазмалы теледидарлар шыға бастаған кездерде олардың кемшіліктері көп еді. Сондықтан мамандар сұйықкристалды теледидарлар алуға кеңес беретін. Алайда қазіргі кезде тұрмыстық технологияларды шығарушы мамандар плазмалық техниканы жете зерттеп, оның сұйықкристалды теледидардан еш кем түспейтінін дәлелдеді. Ғылыми-зерттеулердің арқасында плазмалық теледидарлар токты аз жұмсап, түстерді қанық көрсете алатындай дәрежеге жетті. Ең алғаш плазмалық теледидарлар бар-жоғы 2000-3000 сағат, яғни 2 жыл көрсетуге шыдайтын, қазір бұл мерзім 100 000 мың сағатқа, яғни 35 жылға ұзартылды. Сондай-ақ плазмалық теледидарлардың көрсету контрасты – 2000:1-ден 30 000:1-ге дейін жоғарылаған. Инновациялық үлгідегі теледидарлардың дыбыс шығару динамикасының жиілігі – 480 Гц. Сондай-ақ плазмалық теледидарлар өте жеңіл, бұларды жасауда бұрынғыдай қорғасын, сынап секілді ауыр металдар қолданылмайды, әрі адам денсаулығына зиянсыз. Сондықтан жылдан-жылға плазмалық теледидарлар қолданыста көбейіп келеді.