Қазір ғаламдық проблемалардың бірі – экология. Жалпы, экологиялық таза мемлекеттердің қатарына қандай елдер кіреді?
Айдос КЕНЖЕБЕКҰЛЫ, Қарағанды
Батыс экологтері жасаған зерттеулер бойынша арнайы тізім жасалған. Адам өміріне қауіпсіз экологиялық таза мемлекеттердің алдыңғы қатарында еуропалық елдер тұр. Атап айтар болсақ, әлемге қоғамның барлық саласындағы тұрақтылығымен танымал Швейцария экологиялық ең таза ел екен. Аталған мемлекет 100 балдық өлшем бойынша 95,5 балдық бағаға ие болған. Екінші орында – скандинавиялық қос ел. Швеция мен Норвегияға 93,1 балл беріліпті. Үшінші сатыға Жаңа Зеландия орналасыпты. Арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, үздік бестікті Коста-Рика мен Колумбия қорытындылап тұр.