Экологиялық дағдарыс аймағынан көшсе, көмек берілмей ме?

1975 жылға дейін Арал өңірінде 20 жыл тұрғандарға экологиялық қасірет салдары үшін әлеуметтік көмек көрсетілетін еді. Қазір басқа өңірге көшіп келген соң, ол көмекті бермей қойды. Осы заңды ма?
Махамбет БЕКТҰРҒАНОВ,
Алматы облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу бас­қармасының сарапшы маманының мәлі­ме­тінше, ҚР Еңбек кодексінің 154-ба­бына сәйкес экологиялық зiлзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметiн жүзеге асыратын қыз­мет­керлерге берiлетiн кепiлдiктер Қазақстан Респуб­ликасының заңдарында белгiленедi.
«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет сал­да­рынан зардап шеккен азаматтарды әлеу­мет­тік қорғау туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының 13-ба­бына сәйкес аумақтар бойынша қосымша еңбекақы, қосымша еңбек демалысы және материалдық көмек аталған аумақта тұратын және еңбек қыз­метін жүзеге асыратын аза­маттарға көр­се­тіледі. Заңның 17-бабына сәй­кес эко­ло­гиялық апат аймағынан кетіп қалған адам­дардың жаңадан қоныстанған жерде өздерінің кәсібі мен біліктілігіне сәйкес бірінші кезекте жұмысқа орналасуға немесе ондай жұмыс жоқ болған жағдайда өз тілек­тері ескеріле отырып басқа жұмыс немесе жа­ңа кәсіптерді (мамандықтарды) оқып-үйрену мүмкіндіктеріне, оқыту кезеңінде белгіленген тәртіппен жалақысы сақталуға құқық бар.
Экологиялық қасірет салдарынан І және ІІ топ­тағы мүгедектердің Қазақстан Респуб­ли­ка­сының облыс орталықтарын, респуб­ли­калық маңызы бар қалаларын және ас­та­на­сын қос­па­ғанда, жаңа тұратын жері бойынша бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығы бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста