Екі жерден де төлемақы аламын ба?

Мен екі жерде 0,5 жүктемемен жұмыс істеймін. Жақында декреттік демалысқа шығамын. Алайда декретке шығу үшін берілетін жасыл қағазды қай жұмысыма беремін және екі жұмыстан да декрет төлемақысын аламын ба?

Сәлима ЕРМЕКҚЫЗЫ


ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 23-1 бабына сәйкес, жүктілігі және босануына байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау үшін негізгі құжаттардың бірі – жүктілігі және босануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағы болып табылады. Сіз жұмыс істейтін екі жерге де құжаттың көшірмесін тапсырып, түпнұсқасын тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа өтініш пен заңда көрсетілген құжаттармен қоса тапсыруыңыз қажет. Жүктілігі және босануына байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшері сіздің атыңызға (әлеуметтік жеке код бойынша) ай сайын екі жұмыс берушінің аударған нақты әлеуметтік аударымдары сомасының негізінде анықталады.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде екі және одан да көп жұмыс берушіден міндетті әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда әр жұмыс беруші бойынша табыс жеке есептеледі, кейін жинақталады. Бұл ретте бір айдағы табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерінен (75*13 717 = 1 028 775 теңге) аспауға тиіс. Жүктілігі және босануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын негізгі жұмыс орнында мөр бастырып, ЗТМО-ға құжаттарды қоса тапсырып өткізесіз. Сіздің екі жұмыс орныңыз дер кезінде ай сайын сіз үшін әлеуметтік аударымдарды аударған болса, әлеуметтік төлем тағайындалған кезде екі жұмыс орнындағы табыстарыңыз ескеріледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста