Менің анам ауыл мектебінде еден жуушы болып жұмыс істейді. Менің білуімше, мектепте жұмыс істейтіндерге еңбек демалысымен қоса сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Алайда менің анам еңбек демалысын алғанда сауықтыру жәрдемақысын төлемеді. Мектеп басшысының айтуынша, еден жуушыға сауықтыру жәрдемақысы төленбейді екен. Осы заңды ма? Еден жуушыларға басқа жәрдемақы қарастырылған ба?
Ақмарал, Қарағанды облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, қолданыстағы еңбек заңнамасы бойынша кезекті ақылы еңбек демалысына шығар кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы азаматтық қызметшілерге беріледі. Ал еден жуушы азаматтық қызметшілер санатына кірмейді. Сондықтан, өкінішке қарай, ол кісіге сауықтыруға арналған жалақы төленбейді. Яғни мектеп басшысының іс-әрекеті заңды болып табылады.
Дегенмен мемлекеттік мекеменің жұмысшыларына бюджет есебінен кейбір үстемеақылар (мәселен, жұмысында дезинфекциялық ерітінділер қолданатыны үшін т.б.) тиесілі екенін жадыңызға саламыз.
Егер анаңыз еңбекақысының дұрыс есептелетініне күмәнданса, жергілікті әкімшілік жанындағы мемлекеттік еңбек инспекциясына жазбаша шағым жолдауы тиіс. Мемлекеттік еңбек инспекторлары мекемеде тексеріс өткізіп, мәселенің мән-жайын анықтайтын болады.
Еден жуушыға сауықтыру ақысы төленуі тиіс пе?
Последние статьи автора