Қазір еденнің неше түрлісі бар: сырланған еден, линолеум, паркет төселген едендер деген сияқты. Оларды жуудың да түрлі жолдары бар екен. Мен еден жуудың тәсілдері туралы қысқаша білсем деп едім.
Майра Сұлтанқызы, Алматы қаласы
Тақтай еденді алсақ, олар ертеректе боялмаған, оны суға құм қосып, ысқылап жуған. Қазіргі кезде боялған еденді де шамалы жуғыш зат және сірке қышқылы қосылған жылы сумен жуған жөн. Линолеум төселген еденді 60 пайыздық кір сабын салынған жылы сумен жуып, кірін кетірген соң, таза жылы сумен жуады. Ал егер линолеум бетіне жылтыратушы зат жақпаған жағдайда оны күніне бір рет олиф майын жағып, жұмсақ шүберекпен мұқият сүртеді. Ал лак жағылған паркет еденді сүрту бұдан оңай. Оны бір стақан суға бір қасық глицерин қосылған немесе жай салқын суға шүберек малып, сүртіп алады. Ал егер паркет еденге лак жағылмаса да, нақ осылайша ылғалды шүберекпен сүртіп алады.