Е-е-ей, хат келдi!..
Ғаламтордың көмегiмен ұялы телефонға қалай SMS жiберуге болады? Бұл қалта телефонындағы бiрлiктер таусылып қалғанда өте ыңғайлы деп естимiн.
Дәулет ҚҰЛБАЕВ, Ақтөбе қаласы
Интернеттен ұялы телефонға хабарлама жөнелту үшiн байланыс операторларының арнайы сайттарын пайдалануға болады. Мысалы, www.beeline. kz немесе www.kcell.kz. Егер сiз beeline ұялы байланыс жүйесiнiң тұтынушысы болсаңыз, осы сайтқа кiрiп, «SMS жiберу» деген тарауды басасыз. Сол жерде ұялы телефонға хабарлама жiберудiң ережесi жазылған. Хат көлемi 160 таңбадан аспауы қажет. Сайт SMS-ты бiр мезгiлде бiрнеше абонентке жiберуге шектеу қоятынын ескертедi. Дәл осындай қызмет басқа да байланыс операторларының сайтында бар. Сонымен бiрге кейбiр ресейлiк сайттардың көмегiне жүгiнуге болады. Бiрақ халықаралық байланыс үшiн электронды қоржыныңыз бiраз шығындануы мүмкiн. Ұялы телефонға хабарламаны SMS порталдарынан да жiберуге болады. Порталдарды тұтыну ақылы, оны пайдалану құқығына арнайы карточкаларды сатып алу арқылы ие боласыз.Мұндай карточкалардың құны 300 евро тұрады.