Қазіргі уақытта көптеген тамақ өнімдеріне түрлі дәмдеуіш, бояғыш қоспаларды қосатын болды. Бұлар біздің денсаулығымызға зиян емес пе?
Ақерке Төлегенқызы, Көкшетау қаласы
Бұл тамақ өнімдерінің ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін арнайы химиялық қоспа. Бүгінгі нарық жағдайында осы әдіс әсіресе өндірушілер үшін тиімді, бірақ тұтынушы халықтың денсаулығына мұндай қосымша қоспалар өте зиян. Мұны зерделі ғалымдар түгіл, қарапайым дәрігер дәлелдеп бере алады. Кейбір дерек көздеріне сенсек, мұндай бояғыштар мен қоспалардың өзіне қосатын кейбір қажетті заттарды әртүрлі жәндіктерден алады. Еуропаның көптеген елдерінде, Ресейде «Е» таңбалы қоспалардың бірқатарын пайдалануға заңмен қатаң тыйым салынған. Мысалы, кейбір мемлекеттерде тыйым салынған «Е-128» бояғыш қоспасы, негізінен, ет, балық, шұжық өнімдеріне қосылады. Сондай-ақ Е-нің түр-түрі түрлі сусындар мен кондитер өнімдерінің құрамын «байыту» үшін кеңінен қолданылады. Ал бізде мұны тексеріп отырған ешкім жоқ. Аталған қоспаларды өндіру, әсіресе, Германия, Қытай, Ресей, Үндістан кәсіпорындарында кеңінен қолға алынған. Ең дұрысы, белгілі бір тағамды сатып аларда мүмкіндігінше табиғи қоспалары бар ғана өнімдерді тұтынған абзал.
«Е» деген не?
Последние статьи автора