Сарапшылардан «домино принципі» дегенді жиі естиміз. Бұл термин қандай мағына береді?
Елдос САНЖАР, Алматы
Бұл терминді ең алғаш рет АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауер қолданған екен. 1954 жылы ол: «Бұл жерде домино принципі болады. Егер тізілген доминоның алғашқысы құласа, барлығы құлайды», – деген. Қазіргі сарапшылар бұл терминді көбінесе қаржы дағдарысымен байланыстырып айтып жүр. АҚШ-та басталған дағдарыстың бір-бірімен біте қайнасқан әлем елдерінің ұлттық экономикаларына зиян шектіруін осы домино принципімен түсіндіреді.