Домбыраның шегi – балық аулайтын лескi ме?
Қазiргi кездегi домбыралардың шектерiнiң орнына бұрынғыдай ешкiнiң iшегi емес, балық аулайтын лескi тағылады екен. Таза әрi қоңыр дауыс беретiн табиғи шек бiзде өндiрiлмей ме?
Ермек ЖАНҰЗАҚОВ, Алматы облысы
Жұмагелдi Нәжiмеденов, Өнертану ғылымының кандидаты, домбырашы:
– 1989 жылы Украинаның Полтава қаласына бардым. Онда ет комбинатының қасында шек цехы жұмыс iстейдi екен. Сол жерде арфаға әртүрлi диаметрлi шектер дайындалады. Цехтың арнайы мамандары, инженерлерi бар. Сондағы мамандарға тапсырыс берiп, өзiмнiң домбырама шек жасатқыздым. Шектi қарапайым фабрикалық домбыраға салып ойнап көргенiмде, дыбыстың қоңырланып, күрт өзгергенiне қайран қалдым.
Алматыға келiп, Консерваторияның ұлт-аспаптар факультетiнiң домбыра кафедрасы ұстаздарынан құрылған комиссия алдында домбыра тарттым.
Қазiр Қазақстандағы барлық домбыраға балық аулауға арналып жасалған қармақтың шегiн тағады. Ақ жаулықты әжелерiмiз өз заманында домбыра шегiн ұршықпен-ақ иiрген. Арнайы табиғи шек жасайтын цех бiзде жоқ.