«Домбыра» сөзі қайдан шыққан?

Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра қандай мағынаны бере­ді? Зерттеулерде сөздің шығу тарихы туралы не жазылған екен?
Рысалды әже,
Семей
Белгілі зерттеуші Хайролла Жүз­ба­сов­тың пікірінше, «домбыра» сөзі «дөп бұра», «дәл бұра», «дем бұра» деген сөздердің тізбегі ар­қылы жа­сал­ған. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікі­рін­ше, «том» деп түюлі жұдырық не­месе қолдың саласы айтылады. Кейін­нен бұл түбір ұяңданып «дом­ға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару де­ген мағына береді-міс. Яғни «дом­быра» сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді.
А.Жұбановтың болжамы бойын­­­ша «домбыра» сөзі арабтың «дунбаһ и бурра» тіркесінен, яғни «қозы құй­рық» деген сөзінен қа­лып­тасқан араб сөз тіркесінен пай­да болған. Шын­дығында да, дом­быраның ша­на­ғы қозының құйрығы сияқ­ты аяқ­талады.
Жұмагелді Нәжімеденовтің «Қо­ңыр үнді домбыра» еңбегінде В.Ф. Платоновтың «Terra incognita XVIII столетия» (Материалы эн­цик­­ло­пе­дии музыкальных инс­тру­ментов наро­дов мира. СПб.,1998) еңбегінен мысал келтірілген: «дом­ра, домбра, думбыра, дум­ба­ра, думбрак т.б. қазіргі көптеген түркі, солардың ішінде қазақ, та­тар, башқұрт, өзбек, қалмақ тіл­дерінің этнографиялық лек­си­ка­сында шер­тіп ойналатын ішекті музыкалық ас­паптың атауы ре­тінде белгілі» делінген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста