Дизель неге қатады?

Дизель неге қатады?

Қазір Алматыда автобустардың көбі жанармайы қатып қалғандықтан жүрмей жатыр. Тіпті жүріп келе жатқан көліктің өзі тоқтап қалатындарын көріп жүрміз. Ал Алматының өзге өңірлермен салыстырғанда жылы екендігін ескерсек, жанармайдың жаппай қатуына не себеп?
Қарлығаш З.,
Алматы облысы
Дизель отыны мұнайдың ашық түсті фракцияларына жатады. Бұ­рын­ғы аты солярка – немістің So­la­röl (күн майы) деген сөзінен алын­ған. Негізінен, те­мір­жол, кеме, ав­то­көлік транспор­тын­да қол­да­нылады. Қазіргі қолда­ныс­тағы ди­зель отыны үш түрге бөлінеді:
Жаздық дизель –  тығыздығы 860 кг/м3, -10 градусқа дейін қат­пайды.
Қысқы дизельдің тығыздығы 840 кг/м3, -25-35 градусқа дейін суық­қа шы­да­уы тиіс.
Арктикалық дизель отынының ты­ғыз­дығы 830 кг/м3, -55 градусқа дейін қат­пайды.
Алматыдағы +20 градустық суық­тар­­да тасымал мәселелерінің туын­дауына, бі­ріншіден, отандық жа­нар­май зауыт­та­ры­ның, олардан ке­йінгі тізбектегі ірі алып­­са­тарлардың «үнем­­­ділігі» кінәлі болса ке­рек. Олар мау­сым­нан артылып қал­­ған жазғы ди­зель­ді түрлі де­прес­сор­лық қоспа­лар мен керосин не­месе бен­зин қосу арқылы «қыс­қы отын» жа­сап сатумен көп әуес­тенеді. Ал арк­ти­ка­лық ди­зель­ді жүйелі түр­де жеткізу жолға қо­йыл­маған.
Екіншіден, автопарктердің өзі де қыс­­қа дайындықсыз келеді. Қазір бак­тегі жа­нармайды, жанармай жүретін түтік­терді, дизель форсун­ка­ларын бірге ысы­тып, көліктің оталуын да, жүруін де же­ңіл­дететін қондырғылар бар. Оны кі­шігірім автопарктердің шеберхана­ла­ры да жасай алар еді.
Сондай-ақ дизель отынына аль­тер­натива ретінде биодизель, эмуль­гир­ленген дизельдерге де назар аудару керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста