Девианттық деген қандай мінез?

Девианттық деген қандай мінез?

Таяуда «көктем айларында кейбір адамдарда девиантты мінез-құлық пайда бола бастайды» дегенді естіп едім. Оның нақты сипаттамасы қалай?
Нұрбике,
Қызылорда қаласы
Әлеуметтану саласында «девиантты мінез-құлық» тұжырымдамасын қалып­тастырған француз ғалымы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжым­ның, заңның болмауы.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физи­калық жағдайларына климаттық, геофизи­калық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып, агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Мінездің ауытқуына әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізбей қоймайды. Әлеуметтік-экономи­калық жағдай, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпа­раттар тасқыны сияқты қоғамдық үрдістер адамның мінез-құлқына айтарлықтай әсерін тигізеді. Бұған сондай-ақ микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар) да қатты әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық деп, негізінен әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидис­цип­линалық» деп те атайды, яғни бұл терминді белгілі-бір қоғамдық тәртіпке мойынсынбайтын адамға қарата айтуға болады. Девиантты мінез-құлықтың көрсет­кіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бойын аулақ салу, үйден қашып кету, маскүнемдік, нашақорлық, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста