Депутат қандай жағдайда мандатынан босатылады?

Депутат қандай жағдайда мандатынан босатылады?

Менің білгім келетіні, Парламент депутаттары қандай жағдайларда мандаттарынан босатылады?
Нұрлыбек Әлпейсов,
Астана
ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңының 24-бабында көрсетілгеніндей, Пар­ламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен, аза­маттығын жоғалтқан, хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Консти­туциялық заңда көзделген өзге де жағ­дайларда тоқтатылады. Сон­дай-ақ Парламент Мәжілісінің де­путаты: 1) депутат конституциялық заңға сәйкес, өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шыға­рыл­ған; 2) конституциялық заңға сәйкес, депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады. Мә­жілістің Қазақстан халқы Ассам­блея­сы сайлаған депутатта­рының өкілеттігі оның шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі ел Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ Парламент және Парламент Мәжілісі депу­таттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайлар­да тоқтатылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста