«Алматы қаласы маңындағы демалыс орындарының бiрiнде демалсам» деген ойым бар. Жолдама бағасы қанша тұрады?
Рымғали ӨМIРҒАЛИЕВ, Атырау қаласы
«Көктем» демалыс орнының жолдамасы аз дегенде 10 күнге берiледi. Жолдаманы алдын ала алуыңыз керек және оның бағасы бiр күнге 4900-7600 теңге. «Қазақстан» демалыс үйiнде жолдаманы неше күнге аламын десеңiз өз еркiңiз. Екi кiсiлiк бөлменiң бағасы – әр адам үшiн 5500 теңге. Бiр кiсiлiк бөлме бағасы – 7000 теңге. «Қарғалы» санаторийiнде бес күнге дейiнгi демалыс бағасы әр күнiне – 12 000-18 000 теңге. «Тау самалы» демалыс орнындағы баға бөлмелердiң жабдықталуына қарай әртүрлi екен. Қарапайым бөлмелердiң бағасы – 4500-5500 теңге болса, люкс бөлмелер бағасы – 12 000-18 000 теңге аралығында.
Демалыс орындарының бағасы бiрдей емес
Последние статьи автора