Декреттік демалыстан кейін еңбек демалысы толық беріле ме?

Декреттік демалыстан кейін еңбек демалысы толық беріле ме?

Бала күтіміне байланысты демалыстан кейін екі ай жұмыс істеп, қайта декреттік демалысқа кеттім. Енді декреттік демалыстан кейін маған кезекті еңбек демалысы толық беріле ме, әлде нақты жұмыс атқарған уақыт үшін бе?
Айсара Жораева,
Жамбыл облысы
Сарапшы мамандардың айтуына қара­ғанда, Қазақстан Республикасы Еңбек ко­дексінің (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабына сәйкес, әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке жә­не босануға байланысты демалыстың ал­дында немесе тiкелей одан кейiн не балаға кү­тiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берi­ледi.
Жұмыс берушімен келісім бойынша еңбек демалысы толық немесе нақты жұмыс атқарған уақыт үшін беріледі.
Кодекстің 104-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарам­сыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қо­сылады.
Кодекстің 100-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) ай­қындалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста