Декреттік ақшаны толық алу үшін не істеуім керек?

Декреттік ақшаны толық алу үшін не істеуім керек?

Мен мектепте төрт ай жұмыс істегеннен кейін декреттік демалысқа шықтым. Мем­лекеттік зейнетақы төлеу орталығына құжаттарымды тапсырсам, олар декреттік төлемнің кем шығатынын айтты. Себебі зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жар­насы уақтылы аударылмаған. Декреттік ақшаны толық алу үшін не істеуім керек?
Бақытгүл Өмірзақова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Мамандардың мәліметінше, Мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) жүктілігі және босану жағдайына әлеу­меттік төлемнің (бұдан әрі – ӘТжб) мөлшерін анықтауға өтініш білдірушінің жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жа­рам­сыздық парағы (науқастық парағы) берілген күнге дейін­гі соңғы 12 ай ішінде жұмыс берушісімен қорға ай сайын төлеген әлеуметтік аударымдары негіз болады. Қордан ӘТжб тағайындау үшін қажет құжаттардың бірі болып науқастық парағы берілген күнге дейінгі соңғы 12 күнтізбелік айдағы табысы туралы анықтама саналады. Анықтамада есептелген және төленген әлеуметтік аударым­дар мен міндетті зейнетақы жарналары туралы мәлімет көрсетілуі керек. Анықтама сіздің әлеуметтік жеке кодыңыз бойынша жүргізілген әлеуметтік аударым­дарыңыз бен міндетті зейнетақыны сәйкес­тендіру үшін қажет. Осыған орай, төленуі тиіс міндетті зейнетақы жарнасы кешігіп ауда­рылғаны туралы «ескертпеде» түсініктеме жасалуы керек.
ӘТжб тағайындау жөніндегі құзыретті орган болып Аумақтық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті саналады (бұдан әрі – Департамент). Осыған орай, ӘТжб қорытынды сомасын тек департамент анықтайды. Департа­менттің ӘТжб сомасының дұрыс анықталуына сіздің жұмыс берушіңіздің табысқа қатысты ресми берген анықтамасы әсер етеді немесе жұмыс берушіңіз заңнамаға сәйкес қате аударылған соманы қайтарып, әлеуметтік аударым кезеңін дұрыс көрсетіп, қайта төлеуі керек.
Айта кетерлік жайт, ӘТжб тағайындауға құжаттарды сіз науқастық парағы берілген күннен бастап 12 ай ішінде өткізе аласыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста