Мен бір мекемеге декреттік демалысқа кеткен қызметкердің орнына жұмысқа тұрған едім. Қазір мекемеде қызметкерлерді қысқарту болып жатыр. Басшылық менің де жұмыс істеп жатқан штатым қысқаратынын ескертіп, бір ай ішінде басқа жұмыс тауып алуым керек екенін айтты. Осы орайда менің білгім келгені, қазіргі мен жұмыс істеп отырған штат декреттегі қызметкердің орны екені ескерілмей ме? Заң бойынша декреттегі қызметкердің жұмыс орны сақталуы керек емес пе?
Биғайша, Атырау облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы сарапшы маманының мәліметіне қарағанда, қысқарту рәсімін жүргізу барысында қысқартуға жататын тұлғаның мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі ғана емес, аумақтық органға түсетін жалпы жүктеме мөлшері де ескерілді.
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, қажетті іс-шараларды жүргізу барысында бала күтуге байланысты демалыс кезеңіндегі қызметкерге бос лауазымдық орындар ұсынылды. Егер де декреттік демалыстағы қызметкер аталған ұсыныстан жазбаша түрде бас тартып, жұмыс орнының (маман лауазымының) қысқартылуына ауызша және жазбаша түрде келісімін берсе, онда декреттік демалыстағы қызметкердің орны қысқартуға жатады, яғни сақталмайды.
Ал сіз декреттік демалыстағы қызметкердің орнында уақытша жұмыс атқарып келгендіктен, сіз жұмыс істеп отырған штат сіздің келісіміңізсіз қысқартуға жатады.
Декреттегі қызметкердің жұмыс орны қысқартуға жата ма?
Последние статьи автора