Жүктілікке және бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңде зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасы аударылып тұруы тиіс пе? Міндетті зейнетақы жарнасын қызметкер декреттік демалысқа кеткенге дейін жұмыс істеген мекеме аударуы керек пе, әлде оның басқаша механизмі бар ма?
Қатира ӘСЕМҚҰЛОВА, Қостанай облысы
Зейнетақы қоры маманының мәліметіне қарағанда, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт болған кезде жүктілігіне байланысты, сондай-ақ бір жасқа жеткенше балаларын күтуге арналған демалыста болған жағдайда Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайынғы әлеуметтік төлемнен 10 пайыз мөлшерде зейнетақы жарналарын аударып отырады.
Декрет уақытында зейнетақы жарнасы қалай аударылады?
Последние статьи автора