Мектепке дефектолог болып жұмысқа орналастым. Менің білгім келгені, дефектолог маманға айлық жалақы қай санат бойынша төленуі тиіс?
ДИНАРА, Қостанай облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшерін көбейту жолымен айқындалады. Қаулымен бекітілген Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, біліктілігі жоғары деңгейдегі мұғалімдерге еңбекақы төлеу G-9, біліктілігі орта деңгейдегі - G-11 санаты бойынша жүргізіледі. Ал дефектолог лауазымы тізілімде аталмаған. Бұл ретте, Қаулының 6-тармағына сәйкес, ұйымдардың басшыларына мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша Азаматтық қызметшiлер (бiлiктi жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде көрсетiлген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық мiндеттерiне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестiру құқығы берілген.
Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17697 теңгені құрайды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданылатын коэффициенттер (мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қарай) Қаулыға 2-қосымшада бекітілген. Білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы мен үстемеақылар Қаулыға 4-қосымшада қарастырылған. Біліктілік санаты үшін қосымша ақы Қаулыға 19-қосымшада қарастырылған. Бұл қосымша ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде уәкілетті орталық мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен айқындалады.
Дефектологқа жалақы қай санат бойынша төленуі тиіс?
Последние статьи автора