Дәулет кімге қонады? Қандай адамдар байымайды?

Барлығы неден басталады? Егер сіз орташа білімді, көп жұмыс жасайтын адамдардың өмір салтына назар аударатын болсаңыз, олардың барлығының бір жолды таңдайтынын көресіз. Сәби дүниеге келеді, одан кейін мектепке барады. Ата-ана баласының сабағының жақсы болғанына қуанышты. Мүмкін баласы кейін ғылыми атаққа қол жеткізер, содан соң өзіне қауіпсіздік пен тыныштық сыйлайтын жұмыс іздейді. Ақша таба бастаған соң, басқа адамдармен араласа бастайды. Өзінің өмірлік серігін табады, оның арты үйленуге әкеледі. Үйленгендердің өмірі ғажайып: олардың екеуі де жұмыс жасайды. Табыс екі жақтан келеді. Олар өздерін жолы болған адамдардай сезінеді. Оларды жарқын болашақ күтіп тұрғандай-ақ, үй, көлік, теледидар, т.б. алмақшы болады. Демалысқа, саяхатқа шығуды армандап, өмірге сәби әкелуді жоспарлайды. Бақытты шақ басталады. Ал қаржыға деген қажеттілік өсе бастайды.

Байымаудың алғышарты. Табанды жұмыс істейтін адамның өмірі сценарий бойынша өтеді. Мысалы, бақытты, сауатты жас жұбайлар өз өмірлерін бір тар бөлмені жалдап тұрудан бастайды. Бұрын бұл бөлмеде бір-ақ адам тұрса, енді екеуі тұрады. Сөйтіп, оларда кішкене болса да артық ақшаның пайда болғаны түсінікті болады, бұрын бір адам тұратын қаржыға енді екі адамға тұруға болатындығына көздері жетеді. Әңгіме пәтердің тарлығында. Осыдан кейін ақша жинау керек деген шешімге келеді. Үлкен үй сатып алуды, ұрпақ сүюді армандайды. Олардың табыстары көбейеді, сөйтіп «армандаған үйін» сатып алуға бел байлайды. Осылайша бұларда мүлік салығы пайда болады. Содан кейін жаңа көлік, жиһаз, тұрмыстық техникаларды сатып алады. Ақырында пассив бөліктердің [автор үй, машина, тұрмыстық заттарды, материалдық қажеттілікті байлықтың пассив бөлігі деп атайды. ред.] әртүрлі шығындарды төлеуге [үй кепілдігінің төлемі, кредиттік карточкаларды жабу және т.б.] толы екенін аңғарады. Осыдан кейін, олар егеуқұйрықша тырбанумен болады. Дүниеге бала келеді. Ақша үшін, одан әрі көп жұмыс істеуге тырысады. Процесс қайталанады.

Бір кезде көршісі жаңа заттар сатып алуға шақырады. Мерекеге байланысты арзан бағалармен тауарлар сату науқаны жүріп жатқандығын хабарлайды. «Біршама үнемдеуге болады», – дейді. Олар өз-өздеріне: «Тек көруге барайық. Бірақ ештеңе де сатып алмаймыз», – деп серт бергендей болғанымен, үйлеріне жаңа несиемен оралады.

Сауатсыздық. Міне, маған осындай отбасылар жиі кездеседі. Олардың аты-жөндері әр түрлі болғанымен қаржылық дилеммалары бірдей жағдайда. «Бізге қалай көп ақша табуға болады, соны айтып бере аласыз ба?», – дейді. Оларға қашанда көп ақша қажет, өйткені олар ақшаны қалай жұмсау керек екенін белмейді. Шындығында, олар мәселе ақшаның қалай табылуында емес, қолыңдағы ақшаны қалай оңтайлы пайдалануды білмеуінде екенін аңғармайды.

Мәселенің бастысы мынада: ол – қаржылық сауатсыздық. Табыстың өсуі – ақша мәселелерін сирек шешеді. Проблемалар қашанда ақылдың, ой-өрістің күшін қажет етеді. Менің бір жолдасым қарызы көптерге: «Егер сен өте тереңге түскеніңді байқасаң, қазуыңды тоқтат», – дейтін.

Айна күші. Бала кезімде әкемнен: «Жапондықтар үшін мынадай үш күш бар: қылыш күші, алтын күші және айна күші», – дегенді жиі еститінмін. Қылыш – қару күшін бейнелейді. Алтын – ақша күшін бейнелейді. «Алтын кімдердің қолында болса, заңдарды, ережелерді солар жасайды», – деген ақиқат есіңізде болсын. Мұнда үлкен шындық бар. Айна – өзіңді білу туралы күш. Жапондық нақыл бойынша нақ осы білім ең мықты билікті береді.

Егерде мен айтқан отбасылар айна күшін қолданса, онда өздеріне «Осы заттың қандай мағынасы бар?» – деген сұрақты қойған болар еді. Бірақ көпшілік жағдайда өзінің ішкі «даналығына» сенудің орнына, олар көпшілікпен бірге кетеді. Жұрт не істесе, бұлар да соны істейді. Ерекшеленуді және сұрақ қоюды, білетін жаннан сұрауды қаламайды. Айна қашанда шындықты көрсетеді.

Байлықтың жауы. Көпшіліктің қолданатын «Тәуекелдікке ұрынба!» дегеннің негізгі астарында үрей жатыр. Бұл сөз қай салада болмасын қолданылады. Мысалы: спортта, адамдардың қарым-қатынасында, мансапта, қаржыда. Күлкі болудан қорқу – өзгеден ерекшеленбеуге мәжбүрлейді. Көптеген қаржылық қиындықтар жұрт не істесе, соны істеудің салдарынан туындайды. Сондықтан, айнаға қарап, қорқыныш пен үрейге бой бермей, өзіңнің ішкі дүниеңе, өз даусыңа құлақ салудың артықшылығы жоқ. Байлықтың не екенін әркім өзі үшін анықтайды. Еш уақытта ақша көп болмайды.

 

«Бай әке, кедей әке» кітабынан үзіндіні аударған Балғын Әділбаева

«Алауинформ»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста