Өткенде үйімнің қасындағы дәріханадан дәрі сатып алған едім. Бір күн өткеннен кейін қолданайын десем, әлгі дәрінің жарамдылық мерзімі өтіп кетіпті. Сатушыға қайта алып барсам, «бізден алған жоқсыз» деп мойындамайды. Енді қайтемін? Дәріні қайтарып беріп, ақшамды кері қайтара аламын ба?
Естай Махмутов, Алматы қаласы
Кез келген сатушының алдында кассалық аппарат болады. Егер ол мойындамаса, сол аппарат арқылы дәріні алғаныңыз туралы мәліметті тексеріп алыңыз. Егер мұндай аппарат болмаса, дәріханалардың бас басқармасына шағымдансаңыз болады. Сондай-ақ тұтынушылардың құқын қорғау департаментіне хабарласыңыз. Олар сатушыға тиісті шара қолданады.
Дәріханашы мерзімі өткен дәріні сатып жіберіпті
Последние статьи автора