Дәрілердің де өлімді тездететіні бола ма?
Естуімше, ұйықтататын және жүйкені тыныштандыратын дәрілер адам өмірінің мейлінше қысқаруына себепкер болатын көрінеді. Шынымен де солай ма?
Айдар НҰРЛЫБЕК, Түркістан қаласы
Канадалық дәрігерлер 14 мың адамның соңғы 12 жыл ішінде жинақталған мәліметтерін саралай келіп, ұйықтататын және тыныштандыратын дәріні үздіксіз пайдаланатын адамдардың мерзімінен бұрын дүние салу қаупі басқаларға қарағанда 36 пайызға жоғары болатынын анықтаған. Бұл ретте, олар норвегиялық, швециялық және австралиялық оқымыстылардың осы тұрғыдағы зерттеулерін толықтай дәлелдеп отыр. Яғни ғалымдардың бұл тараптағы пікірі «антидепрессанттар мен ұйықтататын дәрінің көмегіне тұрақты түрде жүгінетін адамдар уақытынан бұрын келетін ажалға біртабан жақын тұрады» дегенге саяды. Сондықтан мұндай дәрі-дәрмектерді әркімнің өз бетінше, өз қалауынша, қалай болса, солай қолдана беруіне болмайды.