Дәптер тексергені үшін төленетін үстемеақылар айлық жалақыға қосыла ма?
Мен мектепте 1,5 апталық жүктемемен жұмыс істеймін. Осы орайда білгім келгені, кабинет меңгерушілігіне, дәптер тексергені үшін төленетін үстемеақылар айлық жалақыға қосыла ма?
Райхан Анарханова, Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, білім саласының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін мұғалімдерге, оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне және оқытушылық қызметті жүргізетін қызметкерлерге оқу кабинеттерін (зертханаларды, шеберханаларды, оқу-консультативтік пункттерді) меңгергені үшін БЛЖ-дан 20 % мөлшерінде қосымша ақы; дәптер мен жазбаша жұмыстарды тексергені үшін 5-11 сынып мұғалімдеріне БЛЖ-дан 25 % , 1-4 сыныптардың мұғалімдеріне БЛЖ-дан 20 % қосымша ақы қарастырылған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесіне сәйкес: Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу айлық белгіленген тарифтік ставкаларға (лауазымдық жалақыларға) қарай еңбекақыны көтеру, қосымша ақы төлеу және педагогикалық жұмыстың нақты көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Үкімет қаулысымен белгіленген нақты оқу жүктемесіне байланысты көбейтудің, қосымша ақы мен үстемеақы:
Жалпы білім беретін мектептер мен барлық үлгідегі және түрлердегі мектеп-интернаттарының 1-4-сыныптарын қоспағанда, мұғалімдер мен оқытушыларға дәптер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін; біліктілік категориясы үшін жүргізіледі.