Дәлізді қосып алуға рұқсат жоқ
Дәлізді үлгідегі жекешеленген жатақханада тұрамын. Менің бөлмем дәліздің ең соңында орналасқан және қарсысында бөлме жоқ. Дәліздің өз бөлмем тұсындағы бөлігін қосып алуыма бола ма?
Гүлжан Серікова, Алматы қаласы
Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мамандарының айтуына қарағанда, жекешеленген жатақханадағы пәтер (бөлме) иелері дәліздің бір шаршы метр жерін де қосып алуына құқығы жоқ (егер де жекешелендіруді кепілдендіретін құжаттарда, техникалық жоспарда көрсетілмесе). Кей жағдайда – көршілер нотариалды келісімдерін беріп жатса, Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының рұқсатын алып, дәлізді қосып алуға болады. Бірақ сіздің жағдайыңызда, ондай үлгідегі жатақханалар дәлізінің соңында терезе орналасқандықтан, дәлізді қосып, терезені тұмшалауыңызға көршілердің келісім беруі екіталай.