Далада тұтанған өрттен қалай сақтанған жөн?

Далада тұтанған өрттен қалай сақтанған жөн?

Қазіргі мезгілде күн қатты ыстық. Далалық алқаптарда құрғақ шөп жылдам өрте­неді. Орманда, далалықта жүргенде өрт шықса, оны сөндіру мүмкін болма­ған­да, қалай сақтану керек?
Жасұлан ШЫМЫРБАЕВ,
Ақтөбе қаласы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының кеңесінше, орманда немесе шымтезекті алқапта өрт шыққан кезде,  оны ауыздықтау мүмкін болмаған жағдайда, сол жердегі барлық адамға қауіпсіз аймаққа шығуды ескерту керек. Адам өмірінен ма­ңыз­ды ештеңе жоқ! Ну орманның ортасында қалсаңыз немесе өртке адасып жүргенде тап болсаңыз, кең алаңқайға, ағашы сирек жерге шығуға асығыңыз. Өзен-көл жаға­сына шықсаңыз, тіпті дұрыс. Егер өрттен алысқа ұзау мүмкін болмаса, суқойма жағасында отырып, киімдеріңізді дымқыл­дап алу қажет. Мұрын мен ауызды дәке не шүберекпен тұмшалап алған жөн. Қауіпсіз аймаққа жеткен бойда, өрт туралы тиісті орын­дарға және жақын маңдағы жергілікті тұрғындарға хабарлауды ойластыру керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста