Coca-Cola сүйікті сусынға қалай айналды?
Coca-Cola сусыны жылдың қай мезгілі болсын үлкен сұранысқа ие. Бәріміздің сүйікті сусынымызға айналған брендтің III ғасырлық тарихы барын білесіз бе? Әрине, алпауыт компанияның «өмірге келген күнінен» бүгініне дейін айтып, жазып ауысу мүмкін емес, Десе де, сіздердің назарларыңызға әлемге әйгілі, ең ірі брендтің бірі әрі бірегейі – Cola-ның маңызды тарихына, сәтті бизнесіне қатысты қысқа да нұсқа мәлімет ұсынамыз.
Джон Стит Пембертон
Атақты сусын алғаш рет 1886 жылы Атлантада жасалды. Сусынның авторы фармацевт – Джон Пембертон. Ал, «Coca-Cola» компаниясы газдалған сусынның жаңа түрін ойлап тапқан кезде құрылды.
19 ғасырлардан бергі мәліметтерде, газдалған сусынның құрамында кокаин болғанын айталады. Бұл шын. Себебі, «Coca» сөзі кокоин өсімдігі атауынан алынған. Бірақ, 1905 жылы бұл зат сусынның құрамынан алынып тасталынған.
Бөтелке дизайні
3. Coca-Cola-ның алғашқы бөтелкелері 1899 жылы пайда болды.
4. 1906 жылы бәсекелестерден ерекшеленетін жаңартылған логотипі бар бөтелкелерде шығарыла бастады.
5. 1915 жылға қарай бөтелкенің дизайны тағы да замауани үлгіге ауысты.
6. Сусынның колиграфиясы мен сыртқы дизайны 19 ғасырда пайда болса да, 20 ғасырдың ортасында да ең заманауи, үздік дизайн болып саналды.
7. Алюминий, қаңылтыр ыдыспен 1960 жылы пайда болды.
8. 1993 жылы компания өнімдерін пластикалық қаптамадада шығара бастады. Оған дейін Cola-ның бөтелкесі шыныдан тек жасалынған болатын.
Маркетингі
9. Тауар өтімі тез болуы үшін 1920 жылдары Cola бір пакетте біріктірілген 6 бөтелкеден өте арзан бағада сатыла бастаған.1928 жылы айналымға түскеннен соң, дүкен сөрелерінде жеке-дара қойыла бастайды.
10. Американдықтардың ұлттық сусыны саналатын Coca-Cola «Рождество» жарнамасы болып тұңғыш рет 1920 жылдары шықты. Ал, бас кейіпкер – Санта-Клаустың жарнамасы, халықтың көзқарасын түбегейлі өзгертіп, Cola ең «сүйікті» сусынға айналып шыға келді.
11. 1950 жылы «TIME» журналының мұқабасына Coca-Cola бөтелкесінің суреті, брендтік позициясын нығайтқан алғашқы өнім ретінде үнемі шығып тұрған.
Құрамы
12. 1982 жылы компания Pepsi маркалы кофеині жоқ тағы бір сусын шығарды.
13. 1985 жылы шие шәрбаты қосылған түрі өндіріле бастады. Бір қызығы, мұндай ұсынысты халықтың өзі жасаған. Себебі, адамдар сусынға шие шәрбатын қосып ішіп көреді де, онда ерекше дәмнің пайда болатынын байқайды.
14. Лимон хош иісі бар Coca-Cola тек 2001 жылы, Pepsi Pepsi Twist атты сусын шығарғаннан кейін пайда болды.
15. 2002 жылы компания Coca-Cola-ға ваниль қосып шығарды. Бұл да тұтынушылардың қалауы бойынша жасалған.
16. Алюминий бөтелкелердің танымал болғаны сонша, Coca-Cola компаниясы мұндай қаптаманы тұрақты түрде қолдануға шешім қабылдады.
17. Сыртқы дизайны, бөтелкелер материалы ауысып немесе бірнеше түрі қатар шығарылғанмен, сусынның құрамы 1960 жылдардан бері көп өзгертілмеген.
Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы