Целлюлит пайда болмас үшін не істеу керек?

Целлюлит – косметикалық ақау ғана емес, ол аурудың бір түрі десе де болады. Себебі ол асқынса, емделмейтін жағдайға жетеді. Целлюлит қалай пайда болады? Аяқтың сан, жамбас бөліктеріндегі тері астындағы тіндердің құрылымындағы өзгеріс былай жүреді: ағзадағы зат алмасу бұзылған кезде жасушалар токсиндерге толған майға біртіндеп тола бастайды. Токсиндер жасушаларды созып, лимфадағы қан айналымын тежейді. Нәтижесінде май тарала алмай, бөгеліп қалады.
Ғалымдар зерттеулері артық сұйықтық пен токсиндердің біртіндеп жасушаны бұзып, оның толыққанды қызметін тоқтатады.

Целлюлит сатылары:
1. Бірінші сатысы ісік түрінде көрініс табады. Әйел адам бастапқыда пайда болған төмпешіктерді байқамауы да мүмкін, оны аздап салмақ қосу түрінде қабылдауы да ғажап емес. Бастапқы кезде ғана целлюлитпен күресуге болады.
Ағзадағы зат алмасуды реттеу үшін, сізге қалдықтар мен токсиндерден арылуға болады. Спортпен айналыс, дұрыс тамақтан, моншаға түс.

2. Екінші сатысында ісік асқына түседі. Осыған байланысты, көктамыр жүйесі ағзадан барлық артық сұйықтықты шығара алмайды, майлы қалдықтар қалыңдайды, қолмен басқанда, тығыз болады.
Мұндай жағдайда уақытты жоғалтып, ауруды асқындыруға болмайды. Денені мейлінше шынықтырып, тұзды, майлы, тәттіден бас тарту керек. Целлюлитке қарсы скрабтар мен кремдерді пайдалана отырып, проблемалық аймақтарға массажды жиілеткен жөн.

3. Целлюлиттің үшінші сатысы – микромадулярлы. Лимфа сұйықтығы артерияға қысым түсіріп, тіндерге оттегінің түсуін қиындатады. Егер теріні саусақпен басса, «апельсин қабығы» байқалады.
Егер үшінші сатысында артық салмақтан арылғыңыз келсе, проблемалық аймақтар оңайлықпен «беріле» қоймайды. Кейбір тым асқынған аймақтар қолымен ұстағанда басқа бөліктермен салыстырғанда, салқындау болады.
Целлюлиттің үшінші сатысына арналған салонда көрсетілетін емшаралар – электролиполиз бен целлюлолиполиз.
Үй жағдайында целлюлитттің балмен массаж жасау арқылы таратуға болады.

4. Целлюлиттің төртінші сатысында бәрі айқын көрінеді. Терінің проблемалық аймақтары қолмен ұстағанда суық, көрер көзге де көгеріп тұрады. Жүйке тамырлары зақымдалған болса, целлюлитті басқан кезде немесе қысқанда ауыртады. Төртінші сатыдағы целлюлитпен үй жағдайында күресу еш нәтиже бермейді деуге де болады. Мұндай жағдайда майды алатын ота ғана көмектесе алады (липосакция).

Сондай-ақ, целлюлиттің өте қырсық ауру екенін де ұмытпағайсыздар, сондықтан онымен күресті де кешенді түрде жүргізген дұрыс. Диета ұстауға, фитнеспен айналысуға, антицеллюлит массажын жиі жасап тұруға, қыздырғыш маскалар жасап тұруға тырысыңыз. Себебі целлюлиттің асқынған түрін тек хирургиялық көмекпен ғана емдеуге болатынын ұмытпаңыз...

anabol.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста