Целибат деген не?

Бірде телеарналардың бірінен «бүгінде Батыста целибат жолын ұстанғандар кө­бейіп кетті» дегенді құлағым шалып қалды. Осы «целибат» ұғымы нені біл­діреді?
Нұрдос Сәлменов,
Ақтөбе қаласы
Целибат (coelibatus, caelibatus) – латын тілінен алғанда, католиктік христиан дініндегі қызметкерлердің некеге тұрмайтындығын және жыныстық қатынасқа түспейтіндігін ай­тып, Құдайға ант беруі. Бұл дәстүр като­лик­тік дін қызметкерлерінің арасында әлі күнге дейін сақталған. Христиан дініндегі діндарлардың некеге тұрмау үрдісі діни қызметі мен құлшылығына кедергі кел­ме­сін деген мақсатта пайда болған екен. Олар­дың сенімі бойынша, әйелі жоқ дін­дардың тақуалығы әйелі бар діндардың тақуалығынан артығырақ болады екен. Алай­да ондай сенімге күмән келтірген бас­қа христиан шіркеулері де болды. Батыс елдері шіркеулеріндегі целибат Рим па­пасы Григорий I (590-604 жж.) кезінде заң­дастырылды. Бірақ XI ғасырда Рим па­пасы Григорий VII кезінде іске асырыла бас­тады. Ертедегі шіркеулерде целибатты бұз­ғандарды шіркеуден аластатып, соңы өлім жазасына апарып соққан жағдайлар бол­ған. Католиктік шіркеуге бағынатын Батыс елд­ерінің католик­тік шіркеулеріндегі діни қызметкерлердің ара­сында кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға қы­рындау, олар­ды төсекке тарту мен арсыздық жасау әре­кеттері соңғы уақыттарда жиілеп кетті. Он­дай келеңсіз оқиғалардың себебі адамның жа­ратылысына қарсы келіп, еркек пен әйелдің үйленіп, жыныстық қатынасқа тү­­суіне шіркеу қағидаларының тыйым са­луын­­да жатыр. Соңғы уақыттарда діни қыз­­­меткерлердің некеге тұруына Ва­­ти­канның рұқ­сат беруін өтініп, тіпті сын айтып, целибатты жоюды бұйырып жат­қан көпшілік қауым мен жекелеген сая­сат­керлер баршылық. Уақыт өте келе бұл теріс пи­ғылды дәстүр әлемнің көп­теген еліне дендеп, қоғамдық дертке айналып үл­гер­ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста