Дүкенде төлем карточкасымен есеп айырысқанда чек бередi. Бұл құжат не үшiн қажет және оны қанша уақыт сақтау керек?
Айдар ЕРЕЖЕПОВ, Павлодар
Өзiңiз қол қойып, сауда жасағаныңызды растайтын бұл чек – төлем құжаты. Есебiңiзден, сiз төлеген ақшадан артық қаржы алынса, осы чектi көрсетiп, банкке арыздана аласыз. Банк өзi рұқсат берген операциялар тiзiмi бойынша, сауда орталығы заңсыз иемденген қаржыны қайтарады. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңға сәйкес, азаматтар қызмет немесе тауар сапасына қатысты үш жылға дейiн шағымдануға құқылы. Ал егер ай сайын банктен төлем операциялары жөнiнде көшiрме алып, ақшаның дұрыс жұмсалғанына көз жеткiзсеңiз, сақтамауға да болады. Карточканың бедерлi сандарын басып шығаратын импринтерлерде бұл құжат «слип» деп аталады. Бiрақ импринтерлерге қатысты даулы жағдай көп туындағандықтан, қымбаттығына қарамастан сауда орындары POS - терминал орнатуға тырысуда. Салыстыру үшiн айтсақ, импринтер – 30 доллар, POS-терминалдар 450 доллар тұрады. Есесiне , импринтермен жұмыс iстейтiн кассирлердi арнайы оқыту қажет, олар күрделi төлем қағазын толтыруы керек, банкке телефон соғып, операцияны нақтылауы тиiс. Мұның бәрi шығын шығарып, уақыт алатын. Ұлттық банктiң 1 наурыздағы дерегiне сәйкес, елiмiзде 21 077 POS- терминалға 886 импринтер келедi екен.
Чек не үшiн қажет?
Последние статьи автора