Өз басым қатты шуды көтере алмайтын адаммын. Кейде қоғамдық ортада жүргенде біреулердің ұрысып, айқайлап сөйлегенін көрсем, қарадай жыным келеді. Әсіресе мемлекеттік мекемеде боқтап сөйлейтіндерді жаратпаймын. Сұрайын дегенім, қоғамдық ортада, соның ішінде мемлекеттік мекемеде осындай келеңсіздік, қолайсыздық жағдай туғызатын адамдарға жаза қолдануға бола ма?
Саят ҒАББАСОВ, Алматы қаласы
Қоғамдық орында, көпшілік арасында былапыт сөздер айту қоғамдық тәртіпті бұзу болып табылады. Мұндай жағдайда, ең алдымен, сіз аталған азаматқа осыны айтып түсіндіруіңіз керек. Егер ол жөнге келмейтін болса, оның аты-жөнін жазып алып, мекеменің иесіне айтып шағымданыңыз. Ол азаматқа айыппұл салынып, тіпті жұмыстан қуылуы да мүмкін. Бірде Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздан бір сахабасы келіп: «Ең мықты адам, қандай адам?» деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз: «Ең мықты адам – ашу үстінде өзін-өзі ұстаған адам» деп жауап берген екен. Сондықтан сізге айтарымыз, егер біреулердің айқайлап сөйлейтінін көрсеңіз, өзіңізді сабырлы ұстауға тырысыңыз. Бұл – денсаулыққа да пайдалы.
Былапыт сөз айту – қоғамдық тәртіпті бұзу
Последние статьи автора