Кеше телеарналардың бірінде «бүгін Исландияда ерлер күні» деп хабарлады. Бүкіләлемдік ерлер күні күз айларының бірінде емес пе? Әлде Исландия бұл мерекені мойындамай ма?
Еңлік Мұратова, студент
Бүкіләлемдік ерлер күні Тринидад және Тобаго, Ямайка, Австралия, Үндістан, Сингапур, АҚШ, Ұлыбритания, Мальта сияқты мемлекеттерде қараша айының 19-ы болып есептеледі. Бұл мерекені Біріккен Ұлттар Ұйымы да қолдайды. Сондай-ақ кейбір елдерде қараша айының бірінші сенбісі ерлер күні ретінде аталып өтіліп жүр. Бізде Тәуелсіз еліміздің Қарулы Күштері құрылған 8 мамыр бейресми түрде ерлер күні деп аталады. Десе де, 8 наурызда халықаралық дәрежеде тойланатын әйелдер мерекесінің деңгейіндегі атаулы күн жоқ. Ал Исландияға келетін болсақ, 19 қаңтар бұл елде жұбайлар күні болып есептеледі. Осы күні мыңдаған, тіпті миллиондаған жас жұбайлар шаңырақ көтереді.
Бүкіләлемдік ерлер күні бар ма?
Последние статьи автора