Бүгінгінің атышулы диктаторлары кімдер?

Бүгінгінің атышулы диктаторлары кімдер?

Тарихтан ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болған диктаторлардың өткені туралы хабардармыз. Ал қазіргі заманның диктаторлары кімдер? Олардың қайсысы атышулы?
Біржан ӨТЕБАЕВ,
Алматы облысы

Жақында ғана The Foreign Policy жур­налы 40 шақты елдің диктатор­ла­рының рейтингін жариялады. Жур­нал­ға сенсек, әлемнің 1 млрд 900 мил­лион халқы диктаторлар орнатқан қа­таң режимде өмір сүріп жатқан кө­рінеді. Диктаторлық режим көбінесе Аф­рикаға тән болса, сонымен бірге бұл тізімге ТМД елдерінен Түрік­мен­стан, Өзбекстан және Беларусь ел­де­рінің басшылары енген. Америкалық журналдың дерегі бойынша, жеке ба­сына табындырып, шектен тыс қа­тал­дығымен аты шыққандардың тізімін Сол­түстік Корея көсемі бастап тұр. Бұл тізім­нен Уго Чавес, Рауль Кастролар та­былды. Сонымен, бүгінгінің атышулы дик­таторларының кейбірін атап өтсек: 1) Ким Чен Ир, КХДР (16 жылдан бері би­лікте), 2) Роберт Мугабе, Зимбабве (30 жылдан бері билікте), 3) Тан Шве, Бирма (18 жылдан бері билікте),
4) Омар Хассан әл-Башир, Судан (21 жылдан бері), 5) Құрбанқұлы Бер­дімұхамедов, Түрікменстан (4 жылдан бері), 6) Исайя Афеворк, Эритрея (17 жылдан бері), 7) Ислам Каримов, Өзбекстан (20 жылдан бері), 8) Мах­мұд Ахмадинежад, Иран (5 жылдан бері), 9) Мелес Зенауи, Эфиопия (19 жылдан бері), 10) Ху Цзиньтао, Қытай (7 жылдан бері), 11) Муаммар Кад­дафи, Ливия (41 жылдан бері), 12) Башар әл-Асад, Сирия (10 жылдан бері), 13) Индрис Деби, Чад (20 жыл­дан бері) және т.б.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста