Будда сенімі әлемдегі үш ірі діннің бірі саналады. Түп негізі Азиядан бастау алатын бұл ілім Еуропаға тараған ба? Ғаламда бұл дінді ұстанатындардың саны қанша?
Гүлден, Орал қаласы
Будда діні біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте – Сібірге, батыста Еділ өзені бойына дейін тараған еді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде бұл дінді дүниежүзі бойынша 1млрд-қа жуық адам ұстанады. Бірақ қызығы, аталмыш дін Еуропада кеңінен қанат жая алмаған. Қазір тек қана Ресей Федерациясының құрамына кіретін Қалмақстан Республикасында ғана будда діні үстемдігін сақтап тұр. Сондықтан да Қалмақстан Еуропадағы жалғыз буддистік аймақ болып саналады.
Будда діні тараған Еуропадағы жалғыз ел – Қалмақия
Последние статьи автора