Босқын мәртебесін қай мекеме береді?

Елімізде шетелдерден ауып келген босқындар бар. Оларға босқын мәртебесін қай мекеме береді?
Сағындық Қайырменов,
Талғар 
https://www.egov.kz сайтында көрсе­тіл­гендей, босқындар мәселесімен айна­лы­сатын мемлекеттік органдар қызметі «Ха­лықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы­ның баптарымен, сонымен қатар 1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Женева конвенциясы мен 1967 жылғы оның хаттамасымен негізделеді. Қа­зақстан бұл конвенция мен оның хат­та­масына 1998 жылдың 15 желтоқсанын­да бірікті және халықаралық қауымдастық алдында белгілі міндеттемелерді өз мін­де­тіне алды. Бірінші кезекте бұл принцип­тер ақпараттану, шешімге шағымдану мүм­кіндігі және істі қайта қарау үшін апел­ля­цияға жіберу мерзіміне тіркеуді жү­зеге асырады. Қазақстанның конвен­ция­ға бірігуі ресми биліктер арасындағы конс­трук­тивті серіктестікке және БҰҰ Жоғары ко­миссары басқармасының Қазақстан­да­ғы босқындар ісі жөніндегі офисімен бі­рі­гуге алып келді. Қазақстан Республи­ка­сының босқындары болып Қазақстан Рес­публикасы алдында оның босқынды­ғ­ын анықтаудан бас тартқан, саяси мә­селелер бойынша қудалау құр­ба­ны бо­лып кету қаупі бар, нәсілі мен топ­т­ық өз­ге­шелігінен өз елінің азамат­тығын пай­да­лана алмай жүрген, немесе қудалау сал­дарынан азаматтығы жоқ бас­қа елде жү­ріп, өз еліне қайтқысы кел­мей­тіндер са­на­лады. Елімізде тіркелген босқындар мә­селесі 2009 жылғы «Бос­қын­дар тура­лы» Заңмен реттеледі. Бос­қын мәртебесі бір жылға беріліп, бір жыл­дан кейін қай­та қаралып, ұзартылады не­месе тоқ­та­тылады. Босқындарға әлеу­мет­тік көмек Қазақстан Республикасын­да­ғы босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғары ко­миссар бас­қар­масы бағдарламасы бо­йынша ҚР-да­ғы Жарты ай қоғамы мен Ба­лалар қоры ар­қылы көрсетіледі. Миг­рация комитетте­рі­нің аймақтық орна­ла­сулары бойынша бос­қындар мәртебесі босқындар мәрте­бе­­сін анықтайтын комиссиямен беріле­ді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста