Босаған білім гранттарын қалай иеленуге болады?

Босаған білім гранттарын қалай иеленуге болады?

Жоғары білім алу үдерісінде босаған білім гранттарын беру тәртібі қандай?
Алтынай Қасенова,
Атырау облысы
Жоғары білім алу процесінде боса­ған білім грант­тарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде кон­курстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асыры­лады:
1) ақылы негізде білім алушы жо­ғары оқу орны басшысының атына білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
2) жоғары оқу орны өтінішті кон­курстық негізде қарап, ғылыми кеңес­тің шешімімен бірге осы жылдың 5 тамызынан 15 қаңтарға дейінгі мер­зімде шешім қа­былдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңе­сінің шешімімен қоса, үміт­кердің сынақ кітап­шасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куә­лігі (түпнұсқа) қоса беріледі;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұй­ры­ғының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік рәсім­деледі;
5) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста