«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енді деп естіген едім. Нақты қандай өзгеріс енгенін білгім келеді.
Кәмила Нүсіпова, Алматы қаласы
Бүгінге дейін 9 мыңнан астам отандасымыздың шетелдердегі іргелі оқу орындарында білімін жетілдіруіне мүмкіндік туғызған «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толды.
«Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты – елімізге қызмет ететін кадрлардың білімін жан-жақты жетілдіріп, тәжірибелі маман ретінде даярлау. Өкінішке қарай, мемлекеттің ізгі ниеттегі қаржысына білім алып, сол жақта қалып қойып жатқан мамандарымыз да баршылық. Бұл, әрине, еліміз үшін тиімсіз болып табылады. «Болашақ» бағдарламасына енгізіліп отырған өзгеріс те осы олқылықтың орнын толтыру үшін жасалып отыр.
Ендігі жерде мемлекеттік бағдарламамен шетелде оқу мүмкіндігіне елімізде еңбек етіп үлгергендер ғана қол жеткізе алады. Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Ғалия Досмұхамедованың таратқан мәліметінде: «Болашақ» стипендиаты өзінің жұмыс берушісімен және Халықаралық бағдарламалар орталығымен үшжақты келісім жасауы тиіс. Келісімнің шарттары бойынша білім алушы еліне оралғанға дейін оның жұмыс орны сақталынады. Білімін жетілдіріп келгеннен кейін жұмысын қайта жалғастыра алады» деп нақты көрсетілген.
«Болашақта» қандай өзгеріс бар?
Последние статьи автора