Келесі аптада алғаш рет Алматыда бокстан әлем чемпионаты өтеді. Жалпы, бокстан әлем чемпионаты қашаннан бері өткізіліп келеді? Алғаш рет қай елде ұйымдастырылған?
Асматолла САЙЫНОВ, Атырау
Әуесқой бокстан алғаш әлем чемпионаты Куба астанасы Гаванна қаласында 1974 жылы тамыз айының 17-30-аралығында өткізілген. Ал 2001 жылдан бері әйелдер арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылып келеді. Ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1974 жылдан 1986 жылға дейін әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрса, 1989 жылдан бастап, екі жылға ауыстырылды. Қазанның 14-інде басталатын Алматыдағы әлем біріншілігі бокс тарихындағы 17-дүниежүзілік дода болғалы тұр. Әлем чемпионатын ең көп қабылдаған ел – АҚШ (үш рет).
1974 жыл: Гаванна (Куба)
1978 жыл: Белград (Югославия)
1982 жыл: Мюнхен (ФРГ)
1986 жыл: Рено (АҚШ)
1989 жыл: Мәскеу (КСРО)
1991 жыл: Сидней (Австралия)
1993 жыл: Тампере (Финляндия)
1995 жыл: Берлин (Германия)
1997 жыл: Будапешт (Венгрия)
1999 жыл: Хьюстон (АҚШ)
2001жыл: Белфаст (Солтүстік Ирландия)
2003 жыл: Бангкок (Тайланд)
2005 жыл: Мяньян (Қытай)
2007 жыл: Чикаго (АҚШ)
2009 жыл: Милан (Италия)
2011 жыл: Баку (Әзірбайжан)
2013 жыл: Алматы (Қазақстан)
Бокстан әлем чемпионаты қай елдерде өтті?
Последние статьи автора